⚜Мына алты түрлі әйелге үйленбе ! ⏩Олар: әннәна , мәннәна , ханнана , хаддақа , баррақа , шаддәқа .
1️⃣ Әннәна дегеніміз - үнемі ыңыранып , күнде басын таңып алып , ауруын санап отыратын әйел . Мұндай әйел күнде ауру немесе ауырмаса да ауырған болып көрінетін әйелге үйленуде қайыр жоқ .
2️⃣ Мәннана дегеніміз - сен үшін ананы істедім , мынаны істедім деп күйеуіне міндеті таусылмайтын әйел .
3️⃣ Ханнана дегеніміз - бұрынғы күйеуіне немесе содан болған баласына еміреніп тұратын әйел . Мұндай әйелден де алыс болған жөн .
4️⃣ Хаддақа дегеніміз - әрнәрсеге бір көз тігіп , көрінгенге қызығатын , ананы-мынаны алып бер деп күйеуін қинайтын әйел .
5️⃣ Баррақа дегеніміз - бұл сөз екі мағынаға келеді . Бірі - күнұзағына бет-аузын бояп , сәнденумен әлек болатын әйел . Екіншісі - дастарқан басында ұрыс шығарып , сосын жеке отырып тамақ ішуге тырысатын әйел . Ол барлық нәрседен өзінің жеке үлесін бөліп алуды қалайды .
6️⃣ Шаддәқа дегеніміз - кербезденіп жасанды сөйлейтін , сөзі көп әйел . Пайғамбарымыз бұл жайында : "Алла Тағала көп сөзді , жасанды сөйлейтін адамдарды жек көреді " деген (Тирмизи) 📚Ихия - у Улумиддин , Имам Ғазали "Ізгілік тамшысы" тобынан